«Біз діни экстремизм мен терроризмге қарсымыз» тақырыбы. » КГУ «Общеобразовательная школа №193»УO г.Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №193»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727)-260-34-23
Бухгалтерия
+7(727)260-34-23
Версия для
слабовидящих
» » «Біз діни экстремизм мен терроризмге қарсымыз» тақырыбы.
10
октябрь
2023

«Біз діни экстремизм мен терроризмге қарсымыз» тақырыбы.

10.10.2023ж.

Біздің еліміздегі дін саласындағы өзекті мәселелердің бірі деструктивті идеологиялардың таралуы болып табылады. Деструктивті діни ағымдар азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін ағымдар.Қазақстанда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары профилактика және мақсатты реабилитациялау сияқты негізгі екі бағытта жүргізіліп келеді. Қазіргі кездегі әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған ғаламдық мәселе — діни экстремизм мен терроризм. Сондықтан жастардың бойында экстремизм мен терроризмге қарсы тұру имуннитетін дамыту, азаматтық қоғамға сай әлеуметтік мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру — басты міндеттердің бірі саналады.

Осы бағытта дінтану пәнінің  мұғалімі Алджанбаев Д.Р. ұйымдастыруымен, №193 жалпы білім беретін мектепте жоғары сынып оқушылары арасында «Біз діни экстремизм мен терроризмге қарсымыз» тақырыбында дінтану сабағы өткізілді. 

Сабақтың мақсаты жасөспірімдерге теріс пиғылды діни ағымдардың алдын алу туралы терең түсінік беру. Сондай-ақ жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру. 

Сабақ   барысында  жастарға отанды сүю иманнан екенін және жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелілік, біліктілік, ата-ананы құрметту сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғап жастар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды.