17 март – Шаңырақ.
17.03.2024ж. 17 март – Шаңырақ. Бұл күнді отбасылық құндылықтарды дәріптеуге арнау ұсынылды. Шаңырақ – отбасы белгісі, сондықтан да қазақ халқы жас жұбайлардың отау құрып, шаңырақ көтеруіне ерекше мән берген. Ата-бабаларымызда «Шаңырақ көтеру» атты ерекше дәстүр-салт болған. Жалпы, Март мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясындағы «Шаңырақ» күні жалпыұлттық отбасылық құндылықтар мен кіршіксіз махаббат күніне айналады деуге негіз бар.