27
мамыр
2024
Мектеп басшылығы және лагерь қызметкерлерінің қатысуымен «Еркем-ай» лагерінің ашылуы салтанатты түрде ашылды.
27.05.2024ж.
2024 жылы 27 мамыр күні мектеп жанындағы "Еркем-ай" жазғы лагері өз жұмысын бастады. Лагерге барлығы 140 оқушы келді. Мектеп мейірбикесі К.А.Саякеева келген оқушылардың әрқайсысының дене қызуын өлшеп, денсаулықтарын тексеріп отырды. «Еркем-ай» мектеп жанындағы лагерь оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етілді. Лагерь кезіндегі сақтық шараларын қалай сақтау керектігі туралы алдын алу түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мектеп басшылығы және лагерь қызметкерлерінің қатысуымен «Еркем-ай» лагерінің ашылуы салтанатты түрде ашылды. Салтанатты жиынды мектеп директоры К.Т.Аманбаева
оқушыларды жазғы демалысқа шығуларымен құттықтап, демалыстарының көңілді, пайдалы әрі сәтті өтуіне тілек білдірді.
