Алматы қаласы Білім басқармасының
«№193 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727)-260-34-23
Есепші бөлімі:
+7(727)260-34-23
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балалар басылымдары — кітапқа бастайтын жол»
15
сәуір
2026

«Балалар басылымдары — кітапқа бастайтын жол»

23 сәуір — Ұлттық кітап күніне орай №193 жалпы білім беретін мектептің кітапханасында 4 «В» сынып жетекшісінің ұйымдастыруымен «Балалар басылымдары — кітапқа бастайтын жол» тақырыбында танымдық сынып сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, балаларға арналған басылымдар арқылы олардың дүниетанымын кеңейту, сондай-ақ кітаптың адам өміріндегі маңызын насихаттау.
Сынып сағаты барысында оқушылар түрлі балалар басылымдарымен танысып, олардың мазмұны мен ерекшеліктері туралы мәлімет алды. Сонымен қатар, танымдық тапсырмалар мен сұрақ-жауап ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты.