07
сәуір
2026
Дүниежүзілік денсаулық күні
№193 ЖББМ-де 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні аясында оқушылар арасында салаутты өмір салтын, дене белсенділігін және өз денсаулығына жеке жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған «Мен таңдаған ашық жол» тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды.Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтының маңызын түсіндіру, денсаулықты сақтаудың негізгі қағидаларын насихаттау және зиянды әдеттерден аулақ болуға баулу болды.Сынып сағаты барысында оқушылар денсаулық туралы өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, жеке гигиена және психологиялық саулық тақырыптары кеңінен қамтылды.