17
наурыз
2026
"Туберкулездің алдын алу" тақырыбында диктант
24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай, 5-10 сыныптарда "Туберкулездің алдын алу" тақырыбында диктант жұмысы өткізілді.Іс-шараның мақсаты-оқушыларға туберкулез ауруының қауіптілігі туралы түсіндіру, оның алдын алу жолдарын насихаттау және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Диктант барысында оқушылар туберкулездің белгілері, жұғу жолдары және сақтану шаралары туралы маңызды мәліметтермен танысты. Мұндай шаралар жас ұрпақтың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, аурудың алдын алуға үлкен септігін тигізеді.