18
наурыз
2026
«Ұлттық рух – ұрпаққа аманат» атты ұлттық ойындар жарысы
Ұлттық спорт күніне орай, мектебімізде 5,6, 7 сынып оқушылары арасында «Ұлттық рух – ұрпаққа аманат» атты мектепішілік ұлттық ойындар жарысы ұйымдастырылды.Аталған іс-шараның басты мақсаты – оқушыларды ұлттық құндылықтарға баулу, қазақ халқының дәстүрлі ойындарын насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты нығайту.
Жарыс барысында оқушылар бестас, арқан тарту, қол күрес , тымақ ұру сияқты ұлттық ойындардан сайысқа түсіп, өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын көрсетті.Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, оқушылар ерекше белсенділік танытты. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді мектеп директоры Қ. Оразбек марапаттап , барлық қатысушыларға алғыс білдірді.
Осындай ұлттық бағыттағы шаралар жас ұрпақтың рухани дамуына оң әсерін тигізіп, ұлттық мұраны дәріптеуге үлкен үлес қосатыны сөзсіз.