Алматы қаласы Білім басқармасының
«№193 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727)-260-34-23
Есепші бөлімі:
+7(727)260-34-23
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
наурыз
2026

«Ұлттық мәдениет» көрме

Көктемгі каникул кезінде көркем еңбек пәнінің мұғалімі А.Омароаа 1–8 сынып оқушыларымен бірлесе отырып, «Шабыт» жобасы аясында «Ұлттық мәдениет» тақырыбында көрме ұйымдастырды.Көрменің басты мақсаты – оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру, халқымыздың бай мәдени мұрасын насихаттау және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Оқушылар өз қолдарымен жасаған түрлі бұйымдарын, соның ішінде ұлттық ою-өрнектермен безендірілген қолөнер жұмыстарын, суреттер мен сәндік композицияларын ұсынды. Осындай іс-шаралар жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға үлкен үлес қосады.