18
наурыз
2026
«Шаңырақ шаттығы – ұлт байлығы» атты мерекелік іс-шара
Наурызнама 10 күндігі аясында, 17 наурыз күні «Шаңырақ» күніне орай, №193 жалпы білім беретін мектепте «Шаңырақ шаттығы – ұлт байлығы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар қазақ халқының дәстүрлі құндылықтары мен ұлттық салт-дәстүрлері туралы танысып, ұлттық өнер мен мәдениетке деген қызығушылықтарын арттырды.Мектеп дәлізінде жасалған көрмелер, ұлттық тағамдар және қолөнер бұйымдары оқушылар тарапынан ерекше қызығушылық тудырды.
Мереке барысында оқушылар «Шаңырақ» символикасы арқылы отбасының берекесі мен ұлттың бірлігін дәріптеді. Іс-шараның басты мақсаты – ұрпаққа ұлттық дәстүрді дәріптеу, ұлттық мәдениетке деген құрмет сезімін қалыптастыру.