16
наурыз
2026
«Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат» атты танымдық іс-шара
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай мектебімізде «Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат» атты танымдық іс-шара өтті. Іс-шараға Алматы қаласы, Нұркент шағын ауданындағы «Qazaq-Oner» шеберлер орталығы ассоциациясының жетекшілері, көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Ж. Жұмабаева мен А. Райымбекова арнайы қатысып, 9–10 сынып оқушыларына шеберлік сабақтарын өткізді. Қонақтар ұлттық қолөнердің қазақ мәдениетіндегі маңызын түсіндіріп, оқушыларға тәжірибе жүзінде жұмыс жасауға мүмкіндік берді. Оқушылар дәстүрлі өнердің қыр-сырын көріп, ұлттық қолөнерге қызығушылық танытты. Мұндай тағылымды шаралар жас ұрпақтың ұлттық мәдениетке деген құрметін арттырып, халқымыздың бай мұрасын сақтап, дамытуға үлес қосады.