30
наурыз
2026
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 160 жыл
№193 ЖББМ- те Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 160 жыл және Темірбек Қараұлы Жүргеновтің туғанына 88 жыл толуына орай, сынып сағаты өтті. Әлихан Бөкейхановтың саяси қызметі, демократиялық көзқарастары және ұлттық мүддеге адалдығы, сондай-ақ Темірбек Жүргеновтің мәдениет пен өнер саласындағы қызметі туралы айтылды."Кибербуллинг. Интернеттегі қауіпсіздік» тақырыбында оқушылар желіде өзін және өзгелерді қорғау жолдарын үйренді."Таза сана – таза әдет" тақырыбында жастардың денсаулығы мен дұрыс әдеттерге мән беру, зиянды әдеттерден аулақ болу туралы әңгіме өтті.Барлық сыныптар үшін «Жолдағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында да сабақтар ұйымдастырылып, оқушылар жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңызын білді.Сонымен қатар, сынып сағаттары оқушылардың қоршаған ортаға, қала тазалығына және өз кәсіби болашағына деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.