09
ақпан
2026
"Жаңашылдық -заман талабы" сынып сағаты
№193 ЖББМ- те "Адал азамат" Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Жаңашылдық -заман талабы "тақырыбында 1–11 сынып оқушыларына арналған сынып сағаты өткізілді.Сынып сағаты барысында: адалдық құндылықтарды қалыптастыруды және оқушыларға қауіпсіздік ережелері жан-жақты түсіндірілді.«Алматы – таза қала» акциясы аясында қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениет туралы әңгіме жүргізілді , сонымен қатар жол қауіпсіздігі бойынша ережелер еске салынып, оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың жауапкершілігін арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және қоғамға пайдалы, саналы азамат тәрбиелеу.