Алматы қаласы Білім басқармасының
«№193 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727)-260-34-23
Есепші бөлімі:
+7(727)260-34-23
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Көктемгі каникул кезеңіндегі қауіпсіздік ережелері
19
наурыз
2026

Көктемгі каникул кезеңіндегі қауіпсіздік ережелері

№193 ЖББМ - тің 1–11 сынып оқушыларына көктемгі каникул кезеңіндегі қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Түсіндіру барысында оқушыларға көктемгі демалыс кезінде өз өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында жолда жүру ережелерін сақтау, қоғамдық орындарда тәртіпті болу, белгісіз адамдармен қарым-қатынас жасамау, өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау, су айдындарына жақындамау, мұз үстіне шықпау, электр құралдарын абайлап пайдалану туралы кеңінен айтылды. Сонымен қатар интернет қауіпсіздігі, кибербуллингтің алдын алу және төтенше жағдай туындағанда дұрыс әрекет ету жолдары түсіндірілді.
Оқушыларға ата-аналардың қарауынсыз алысқа бармау, кешкі уақытта жалғыз жүрмеу, жеке қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігі ескертілді. Әрбір оқушыға қауіпсіздік ережелерін сақтау – өз өмірі мен денсаулығына деген жауапкершілік екені түсіндірілді.