Алматы қаласы Білім басқармасының
«№193 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727)-260-34-23
Есепші бөлімі:
+7(727)260-34-23
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Көмек" бағдарламасы аясында Сигнал «Баршаның назарына!»
23
ақпан
2026

"Көмек" бағдарламасы аясында Сигнал «Баршаның назарына!»

Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен , мектепте «Көмек» бағдарламасы аясында 1–11 сынып оқушылары арасында Сигнал «Баршаның назарына!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға азаматтық қорғау жүйесінің маңызын түсіндіру, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекет тәртібін үйрету және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.Сынып сағаттары барысында оқушыларға «Баршаның назарына!» сигналының мәні түсіндірілді. Бұл – төтенше жағдайлар (жер сілкінісі, өрт, су тасқыны, дауыл, өндірістік апат және т.б.) туындағанда халыққа шұғыл ескерту жасау үшін берілетін арнайы дабыл екені айтылды.
Сигнал сирена дыбысы, радио және теледидар хабарламалары, сондай-ақ ұялы байланыс құралдары арқылы жеткізілетіні түсіндірілді. Оқушыларға дабыл берілген кезде сабыр сақтап, ресми ақпарат көздерінен нақты мәлімет алып, берілген нұсқауларды орындау қажеттігі ескертілді.
Іс-шара барысында қауіпсіздік ережелері қайталанып, түрлі жағдаяттық тапсырмалар мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.