14
сәуір
2026
"Көмек" бағдарламасы
№193 ЖББМ- те "Көмек" бағдарламасы аясында оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру мақсатында онлайн форматта zoom арқылы түсіндірме жұмыстары өткізілді.Онлайн сабағында электр құралдарын дұрыс пайдаланбау, тұрмыстық қауіпсіздік талаптарын сақтамау, сондай-ақ мектеп аумағына кез келген тұтандырғыш заттарды әкелуге қатаң тыйым салынатыны туралы түсіндірілді.
Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету жолдары, қауіпсіздік ережелерін сақтау және өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдері түсіндірілді.
Оқушыларға өрттің алдын алу – әр адамның жауапкершілігі екені айтылып, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.