02
наурыз
2026
“Алғыс – ізгі ниет” тақырыбында сынып сағаты
№193 ЖББМ-де “Адал азамат” бағдарламасы аясында “Алғыс – ізгі ниет” тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, ризашылық білдіру мәдениетін дәріптеу, ізгілік пен сыйластық құндылықтарын насихаттау болды.Сынып сағаты барысында оқушылар алғыс айтудың адам өміріндегі маңызы, ізгі ниеттің қоғамдағы рөлі туралы ой бөлісті.. Оқушылар бір-біріне құрмет көрсетудің, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық танытудың мәнін түсінді.