14
сәуір
2026
«Ғылым теңіз — білім қайық» атты кітап көрмесі
№193 ЖББМ кітапханасында 10-сынып оқушылары Ұлттық кітап күні мерекесіне орай «Ғылым теңіз — білім қайық» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.Іс-шараның мақсаты — оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, білімнің маңыздылығын түсіндіру және рухани құндылықтарды дәріптеу. Көрме барысында оқушылар түрлі жанрдағы кітаптарды ұсынып, олардың мазмұны мен ерекшеліктері туралы мәлімет берді.
Көрмеге көркем әдебиеттер, ғылыми-танымдық басылымдар, энциклопедиялар мен заманауи кітаптар қойылып, келушілерге кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар, оқушылар өзара пікір алмасып, сүйікті кітаптары жайында ой бөлісті.
Бұл шара оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырып, кітапқа деген сүйіспеншілігін нығайтуға өз үлесін қосты.