Алматы қаласы Білім басқармасының
«№193 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727)-260-34-23
Есепші бөлімі:
+7(727)260-34-23
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Ауғанстан ақиқаты” атты тағылымды кездесу кеші
18
ақпан
2026

“Ауғанстан ақиқаты” атты тағылымды кездесу кеші

2026 жылғы 18 ақпан күні №193 жалпы білім беретін мектепте Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай, “Ауғанстан ақиқаты” атты тағылымды кездесу кеші ұйымдастырылды. Кездесу кешіне жауынгер-интерноциалист , Ауған соғысының ардагерлері, “Пандшер”тобының жетекшісі, “Намыс” Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің қоғамдық бірлестігінің төрағасы- Айдарбаев Алмасбек Рахымкулович пен “Намыс” қоғамдық бірлестігінің төрағасының орынбасары Ханаев Абубакир Рахматуллаевич қатысып, оқушыларға өз өмір жолы, әскери борышын өтеу кезіндегі қиындықтар мен ерлікке толы сәттері туралы айтып берді. Ардагерлер өз сөздерінде Отан алдындағы парыз, достық пен ерлік туралы тағылымды әңгіме айтып, жастарды елін, жерін сүюге шақырды.Кеш барысында патриоттық әндер шырқалып, оқушылар дайындаған өлеңдер оқылды. Сонымен қатар Ауған соғысы құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу рәсімі өтті.