24
ақпан
2026
«Құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы ата-ана жауапкершілігі» ата-аналар жиналысы
№193 жалпы білім беретін мектебінде «Құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы ата-ана жауапкершілігі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа мектеп инспекторы Б.Алғабаев және мектеп әкімшілігі мен ата-аналар қатысты.Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі, интернет қауіпсіздігі мәселелері түсіндірілді. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі мен жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.
Жиын соңында мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын нығайту қажеттігі атап өтілді.