01
маусым
2023
"Сыңғырла соңғы қоңырау".
2023 жылдың 1 маусым күні мектебімізде "Сыңғырла соңғы қоңырау" атты 9-11 сынып бітіруші түлектеріне соңғы қоңырау іс-шарасы болып өтті. Іс-шараға мектебіміздің ұстаздары ата-аналар және де мектеп оқушылары қатысты. Мектебіміздің директоры Аманбаева Кулайым Турдаканқызы бітіруші түлектерге ақ тілегін арнап, алдағы сынақтарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар мектеп қабырғасында бастауыштан бастап білім нәрімен сусындатқан ұстаздары да ақжарқын тілектерін арнап, ыстық ықыластарын білдірді. Түлектер вальсі биленіп, әуездері әндер де айтылды. Үлкен өмірге деген алғашқы қадамдарын жасады. Сәт сапар, жас түлек!