05
қазан
2023
"Ұстаздар күні мерекесіне арналған «Ұстаз – Ұлы есім».
05.10.2023ж.
Алматы қаласы Жетісу ауданында өткен ұстаздар мерекесіне арналған салтанатты шарада бірқатар мұғалімдердің мәртебесі өсті. Бала тәрбиесінде айрықша еңбек етіп жүрген мұғалімдер марапат биігінен көрінді. "Ұстаздар күні мерекесіне арналған «Ұстаз – Ұлы есім» атты салтанатты шарада Жетісу аудан әкімі Г.Көкебаева ұлтқа мақтаныш, ұжымға сыйлы болып, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуде талмай талпынып жүрген ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, мерекелік лебізін білдірді. "№193 жалпы білім беретін мектептің орыс тілі пәнінің мұғалімі Кенбаева У.Д., физика пәнінің мұғалімі Кабиева К.А., технология пәнінің мұғалімі Есалиев Ж.К., бастауыш пәнінің мұғалімі Бейсенбиева Б.К. «Алғыс хатпен» марапатталды.

