«Қыз баланың бой жетуі» атты тақырыпта қыздар жиналысы өтті. » КГУ «Общеобразовательная школа №193»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№193 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727)-260-34-23
Есепші бөлімі:
+7(727)260-34-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қыз баланың бой жетуі» атты тақырыпта қыздар жиналысы өтті.
12
желтоқсан
2023

«Қыз баланың бой жетуі» атты тақырыпта қыздар жиналысы өтті.

12.12.2023ж.

№193 мектепте «Қыз баланың бой жетуі»   атты тақырыпта қыздар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты: Жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу жастардың Адам тәрбиесі мен Қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында түсініктеме беру. Ұрпақ тәрбиесіне байланысты ата – бабалар ілімдері туралы түсініктерін қалыптастыру. Отбасын құру мен бала тәрбиесіне байланысты жауапкершіліктерін арттыру. Жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесінің мән – мағынасын ашып көрсету. Жиналысқа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Мәдениетқызы, мектеп медбикесі мен мектеп психологінің қатысуымен 8-10 сынып қыз балаларының арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында жұмыс жүргізілді. Сонымен қатар жыныстық қатынас туралы сөз қозғады. «Ерте жүктілік несімен қауіпті?» және «Қажетсіз жүктіліктен қалай сақтану керек?» туралы сұрақтар қозғалды. Аталған іс-шараға қатысты оқушыларға бейнебаян көрсетілді.