Отанды, туған жерді сүюге, ақын жырларынан үлгі алуға тәрбиелеу мақсатында "М.Мақатаевтің туғанына 93 жыл" атты 1-11 сыныптарда бірыңғай сынып сағаты өтті. » КГУ «Общеобразовательная школа №193»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№193 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727)-260-34-23
Есепші бөлімі:
+7(727)260-34-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Отанды, туған жерді сүюге, ақын жырларынан үлгі алуға тәрбиелеу мақсатында "М.Мақатаевтің туғанына 93 жыл" атты 1-11 сыныптарда бірыңғай сынып сағаты өтті.
09
ақпан
2024

Отанды, туған жерді сүюге, ақын жырларынан үлгі алуға тәрбиелеу мақсатында "М.Мақатаевтің туғанына 93 жыл" атты 1-11 сыныптарда бірыңғай сынып сағаты өтті.

09.02.2024 жыл.

Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын танытып, оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын ояту, ақын рухына тағзым жасап, құрмет көрсету. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамытып, эстетикалық талғамы бар, сауатты оқушы дайындау. Отанды, туған жерді сүюге, ақын жырларынан үлгі алуға тәрбиелеу мақсатында "М.Мақатаевтің туғанына 93 жыл" атты 1-11 сыныптарда бірыңғай сынып сағаты өтті. Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Бұған тиісті ақынның анасы Нағиман апа былай деген: "Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз". Мұқағали атамыздың шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.