1-11 сыныптарға «Тәуелсіз елім-бақытым менің» атты бірыңғай сынып сағаты өткізілді. » КГУ «Общеобразовательная школа №193»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№193 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727)-260-34-23
Есепші бөлімі:
+7(727)260-34-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-11 сыныптарға «Тәуелсіз елім-бақытым менің» атты бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
12
желтоқсан
2023

1-11 сыныптарға «Тәуелсіз елім-бақытым менің» атты бірыңғай сынып сағаты өткізілді.

12.12.2023ж.

1-11 сыныптарға «Тәуелсіз елім-бақытым менің» атты бірыңғай сынып сағаты өткізілді.

Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекесі. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік. Тәуелсіз ел болғандығымыздың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды. Дүниенің бір бұрышында қазақ деген халықтың үлкен істер тындыра алатын өресі мықты, өрісі кең халық екенін әлем білді.

16-желтоқсан – еліміздің егемендігін жариялаған күн. Сол күні көгімізде тәуелсізідік туы желбіреді. Содан бері 32 жыл уақыт өтті. Осы өшпес жылдар белесінде Қазақстан экономикасы қарыштап дамыды. Саясаттағы сындарлы бағыт өз жемісін беруде. Береке-бірліктің арқасында әлем таныған іргелі мемлекетке айналдық.