9-мамыр Жеңіс күні » КГУ «Общеобразовательная школа №193»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№193 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727)-260-34-23
Есепші бөлімі:
+7(727)260-34-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
мамыр
2019

9-мамыр Жеңіс күні

№193 жалпы білім беретін мектепте 9-мамыр Жеңіс күніне байланысты атқарылған іс-шаралар туралы есеп
№193 жалпы білім беретін мектепте 9-мамыр Жеңіс күніне арналған іс-шаралар атқарылды. «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». 9-мамыр Жеңіс күні мерекесіне байланысты тәрбие сағаттары өткізілді. Білім бөлімінің тапсырмасымен «Великая победа в наших сердцах» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылып өткізілді.




Кемел ықшам ауданы №193 жалпы білім беретін мектептің жас тимуршылары Ұлы Отан соғысының ардагерлері Харин Петр Кондратьевич пен Подколзин Леонид Никитовичті және тылдаға еңбек ардагерлерін Жеңіс күні мерекесімен құттықтады.

9-мамыр  Жеңіс күні


Сонымен қатар, Жетісу аудандық әкімшілігінің, білім бөлімінің жоспарымен мәдениет үйінде 8-мамыр күні Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тылдағы еңбек ардагерлері шақырылды. Ардагерлерді Жетісу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шаяхмет Имашұлы мен №193 жалпы білім беретін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Тауасова Гульайым Боранбаевна құттықтап сөз сөйледі.№193 жалпы білім беретін мектептің мектеп әкімшілігі мен жоғарғы сынып оқушыларымен Кемел ықшам ауданындағы Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.




Сынып сағаттары өткізілді.






Мектеп директоры Утеева А.А





Орындаған Д.Алланепесова

Похожие публикации:

01 ақпан 2019 Тәрбие
29 қазан 2016 Традиция школы