18 наурыз – Ұлттық киім күні. » КГУ «Общеобразовательная школа №193»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№193 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727)-260-34-23
Есепші бөлімі:
+7(727)260-34-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
наурыз
2024

18 наурыз – Ұлттық киім күні.

18 наурыз – Ұлттық киім күні. 

Наурызнаманың онкүндігінде Мерекелік атмосфераны құруға арнайы ойластырылған ұлттық киім күндері ықпал етуі тиіс. Сондай-ақ, атаулы күннің тақырыбы мен ұлттық сәнді дәріптеу үшін «Ұлттық киім күні» тақырыптық челленджін бастау ұсынылды. Мақсаты: ұлттық құндылықты насихаттау, қазақтың салт-дәстүріндегі ұлттық өнегені оқушылар бойына дарыту, елге, жерге, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік сезімін оятып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Осы күні  оқушылар мен мұғалімдер үстеріне ұлттық стильдегі әр түрлі әрлендірген барқыт камзолдар, шапандар, сырма кеудешелер, ұзын кәжекейлер, ұлттық  бас киімдер, ұлттық ою-өрнекті білезіктер мен сырғалар тағып, жас ұрпақтың ұлттық әшекейлерге қызығушылығы артып,  өз тарихымыз бен әлі күнге дейін әлемдік деңгейдегі киім тігу шеберлеріне шабыт беретін керемет нәрселер жасаған бабаларымызға құрмет көрсетуге шақырады.