Алматы қаласы Білім басқармасының
«№193 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727)-260-34-23
Есепші бөлімі:
+7(727)260-34-23
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ахмет Жұбановтың туғанына 117 жыл.
16
мамыр
2023
Ахмет Жұбановтың туғанына 117 жыл.
16.05.2023ж.  Бүгін халық мұрасының жанашыры, композитор Ахмет Жұбановтың туғанына 117 жыл. Қазақтың тұңғыш кәсіби музыканты, музыка зерттеушісі, ұлағатты ұстаз, белгілі дирижер, кәсіби композитор, Қазақстан Ғылым академиясының өнер саласындағы академигі, Қазақстанның халық әртісі Ахмет Қуанұлы Жұбанов өнер көгіндегі жарық жұлдыздардың бірі.
«Суда қауіпсіздік ережелері».
16
мамыр
2023
«Суда қауіпсіздік ережелері».
16.05.2023ж.   Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Жаздың ыстығында күнге және ыстық құмға қыздырыну, салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. «Су сенің досың және дұшпаның». Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сол себептен қушыларды жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шараларымен таныстыру мақсатында №193 жалпы білім беретін мектепте 1-11
"Отбасы тәрбие көзі" атты сынып сағаты өткізілді.
15
мамыр
2023
"Отбасы тәрбие көзі" атты сынып сағаты өткізілді.
15.05.2023ж.  15 мамыр-Отбасы күніне орай &193 жалпы білім беретін мектепте оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу мақсатында 2 "Г" сыныпта "Отбасы тәрбие көзі" атты сынып сағаты өткізілді.
"Бала кезінен Сыбайлас жемқорлықсыз" сынып сағаты өткізілді.
12
мамыр
2023
"Бала кезінен Сыбайлас жемқорлықсыз" сынып сағаты өткізілді.
12.05.2023ж. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары аясында №193 жалпы білім беретін мектепте 1-11 сынып оқушылары үшін "бала кезінен Сыбайлас жемқорлықсыз" сынып сағаты өткізілді. Бұл іс-шара оқушыларды парақорлық, сыбайлас жемқорлық ұғымы туралы ақпараттандыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру; өскелең ұрпақтың өз іс-әрекеттері мен іс-әрекеттері, саналылығы мен әлеуметтік белсенділігі үшін жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
«Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі» атты патриоттық сабақ өткізілді.
12
мамыр
2023
«Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі» атты патриоттық сабақ өткізілді.
12.05.2023ж.   Болашақ ұрпақтың Ұлы Отан соғысы жылдары ата-бабаларымыздың асқан ерліктерін, қажымас еңбектерін ұмытпай, олардан үлгі алып, өз еліне, өлкесіне деген сүйіспеншілігін, махаббатын, патриоттық сезімін ояту мақсатында «Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі» атты №193 жалпы білім беретін мектепте 10 «Б» сыныпта патриоттық сабақ өткізілді. Сынып жетекшісі: Манапбаева Г.Н.
"Құқық бұзушылықтың алдын алу".
12
мамыр
2023
"Құқық бұзушылықтың алдын алу".
12.05.2023ж.   Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында №193 ЖББМ Участкелік полиция Алғабаев Бейбіт "Құқық бұзушылықтың алдын алу" атты сұхбат жүргізілді.
7 мамыр-Отан қорғаушылар күні.
10
мамыр
2023
7 мамыр-Отан қорғаушылар күні.
10.05.2023ж. 7 мамыр-Отан қорғаушылар күні. Бұл тәуелсіз еліміздің өзіндік қорғаныс қабілеті бар екенін білдіретін мереке. Ендеше егеменді еліміздің отын сөндірмей, қорғаныс жүйемізді бекем ұстап келе жатқан барлық Қазақстан азаматтарын төл мерекелерімен құттықтай келе №193 жалпы білім беретін мектепте 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай 7-ші сыныптар арасында футболдан жарыс өткізілді. Дене шынықтыру пән мұғалімі Серикханов А.Б.
"Судағы қауіпсіздік" атты 2 "Б" сыныпта сынып сағаты ұйымдастырылды.
10
мамыр
2023
"Судағы қауіпсіздік" атты 2 "Б" сыныпта сынып сағаты ұйымдастырылды.
10.05.2023ж. №193 жалпы білім беретін мектепте оқушыларды жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шараларымен таныстыру мақсатында "Судағы қауіпсіздік" атты 2 "Б" сыныпта сынып сағаты ұйымдастырылды. Сынып жетекшісі: Куланбекова Ж.Б.
"Азаматтық қорғаныс" атты стенд жасалынды.
10
мамыр
2023
"Азаматтық қорғаныс" атты стенд жасалынды.
10.05.2023ж. Оқушыларға су туралы мағлұмат беру. Оқушыларды судың қандай күйде болатынымен таныстыру,  практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды шығары білуге үйрету.  Судың адам өміріндегі маңызы туралы мағлұмат бере отырып, суды қорғауға тәрбиелеу. Оқушылардың сөзік қорын дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру мақсатта №193 ЖББ мектепте "Азаматтық қорғаныс" атты стенд жасалынды.
«Мемлекеттік рәміздер – елдің мәртебесі».
10
мамыр
2023
«Мемлекеттік рәміздер – елдің мәртебесі».
10.05.2023ж.   Елімізді дүниежүзіне таныта білген мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін жан-жақты дамыту, әрбір бөлшегіндегі ұлтты символиканы ұғындыру, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңыздылығын, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін түсіндіру; Оқушыларды ұлтжандылыққа, өз елін, жерін, атамекенін сүюге тәрбиелеу, елі үшін мақтаныш сезімін бойларына ұялату мақсатында  6 «Г» сынып «Мемлекеттік рәміздер – елдің мәртебесі» атты сынып сағаты ұйымдастырылды.