08
желтоқсан
2023
"Түнгі қаладағы балалар" бойынша рейд жүргізілді.
08.12.2023ж.
Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алды алу мақсатында "Түнгі қаладағы балалар" бойынша рейд жүргізілді. Түнгі рейдтік іс –шарада Жетісу ауданы, Кемел ықшам ауданы бойынша ойын-сауық, кафе, дүкендерге және бос жүрген жасөспірімдерге бақылау жүргізілді. Түнгі рейд жұмыстары кезінде «Апельсин» дүкені, «Аспаздық» асхана, «Бочка» алкогольдік ішімдік сататын орын, «RIVER», сияқты түнгі кафелерді аралап, тиісті ақпарат алынды. Рейд жүргізу барысында ешқандай кәмелетке толмаған мектеп оқушылары анықталаған жоқ және тәртіп бұзушылық болған жоқ.