26
ақпан
2026
«Жақсылық жасап жарысайық» акциясы
№193 ЖББМ-тің мектеп оқушылары “Шын жүректен” қайырымдылық акциясы аясында «Жақсылық жасап жарысайық» атты игі іс-шара ұйымдастырды. “Шын жүректен” акциясында ата-аналар , оқушылар мен сынып жетекшісі бірлесіп, азық- түлік себетін дайындап , бір отбасын қуантты. Бұл - кішкентай жүректердің үлкен мейірімі !Осындай игі істер арқылы оқушылардың бойында мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру және әлеуметтік қолдауды қажет ететін жандарға көмек көрсетуге үндеу болды. Алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенім мол