18
наурыз
2026
"Жер сағаты" экологиялық акциясы
№193 ЖББМ- те "Жер сағаты" экологиялық акциясы өтті. 9-сынып оқушылары осы маңызды бастамаға белсенді қатысып, өз ойларын эссе арқылы білдірді.Оқушылар эсселерінде табиғатты сақтау, энергияны үнемдеу, су мен орман ресурстарын қорғау тақырыптарын қозғады. Олар өз идеяларын жеке тәжірибелерімен байланыстырып, экологиялық сананың маңызды екенін көрсетті. Кейбір эсселерде қарапайым, бірақ әсерлі мысалдар келтіріліп, «кіші қадам – үлкен өзгеріс» деген ұстаныммен өмір сүру керектігі айтылды. Бұл акция бізге табиғатты қорғаудың қаншалықты маңызды екенін тағы бір рет еске салады және әрқайсымыздың күнделікті өмірде экологиялық әдеттерді қалыптастыруымызға шақырады."Жер сағаты" акциясы табиғатты қорғау және энергияны үнемдеу туралы ой салып, адамдардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға арналған маңызды шара.