15
сәуір
2026
Сейсможаттығу
13 сәуір күні №193 ЖББМ - те сейсможаттығу өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылар мен мектеп қызметкерлерінің төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерін жетілдіру, қауіпсіздік шараларын сақтау дағдыларын қалыптастыру.Жаттығу барысында дабыл сигналы беріліп, оқушылар мен ұстаздар белгіленген эвакуация бағыттары бойынша мектеп ғимаратынан қауіпсіз аймаққа шығарылды. Әр сынып жетекшілері оқушылардың толық эвакуациялануын қадағалап, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылауда ұстады.
Сейсможаттығу ұйымдасқан түрде, белгіленген талаптарға сай өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің төтенше жағдай кезіндегі әрекеттерін пысықтап, қажетті тәжірибе жинақтады.