9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күні.
08.05.2023ж.
9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күні деп тойласақ та, оның салмағының ауыр болғанын бүгінгі ұрпақ ешқашан да ұмытпауы тиіс. Омырауларында жарқыраған орден - медальдарын тағып анадайдан көзге оттай басылатын ардагер ағаларымыз бұл күнді асыға күтеді. Бұл күн – Жеңіс күні болуымен қатар соғыстан оралмаған үзеңгілес қатарларын еске алып, жанарларынан тамған жас тамшылары өткен күннен белгі беріп тұрғандай. Жүздеріңді мұң шалмасын, көңілдеріңе кірбің түспесін, қатарларың азаймасын, ардагер ағалар! Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған боздақтарымызды мәңгі есте сақтаймыз! Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған қандастарымыздың алдында бас иеміз! Құрметті Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлері! Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін бас иіп алғыс білдіреміз! Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, ұзақ ғұмыр тілеміз!
