Алматы қаласы Білім басқармасының
«№193 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727)-260-34-23
Есепші бөлімі:
+7(727)260-34-23
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қариясын қазынаға балайтын Қазақ елінде бірінші қазаннан бастап қарттар айлығы басталды.
06
қазан
2023

Қариясын қазынаға балайтын Қазақ елінде бірінші қазаннан бастап қарттар айлығы басталды.

06.10.2023ж.

Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

Қариясын қазынаға балайтын Қазақ елінде бірінші қазаннан бастап қарттар айлығы басталды. Бір күнді емес, бүтін айды еншілеген қарияларға дәл осы кезде құрмет еселенеді. Айлық аясында көкшелік ардагерлер де бас қосып, бір марқайды. Әріптес әжуасын әжім басқан ардақтылардың қолын алып, батасына бөленіп қайтты. Бұл құрмет бір күндік емес. Қарияларға арналған қайырымдылық шаралары ай бойы жалғасын таппақ.