Алматы қаласы Білім басқармасының
«№193 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727)-260-34-23
Есепші бөлімі:
+7(727)260-34-23
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республикалық «Ақжелең» балалар байқауы БАС ЖҮЛДЕ
05
сәуір
2026
Республикалық «Ақжелең» балалар байқауы БАС ЖҮЛДЕ
«Өнерлінің өрісі кең» дейді дана халқымыз. 🌟 Бүгін біздің мектебіміз бен сыныбымыз үшін үлкен қуаныш! №193 мектептің 2 «А» сынып оқушыларынан құралған «Балдырған» ұрмалы-сілкімелі аспаптар ансамблі Республикалық «Ақжелең» балалар байқауында БАС ЖҮЛДЕНІ жеңіп алды! ✨🏆 Кішкентай саусақтарымен үлкен өнер көрсеткен бүлдіршіндеріміздің еңбегі жанды. Бұл тек балалардың емес, ата-аналар мен ұстаздардың ортақ жеңісі! Қадамдарың құтты болсын, жас таланттар! 🥁👏
Жаратылыстану апталығы -  Биология күні
03
сәуір
2026
Жаратылыстану апталығы - Биология күні
Жаратылыстану апталығы аясында ұйымдастырылған Биология күні ерекше мазмұнға толы болды. Оқушылар бұл күні биология ғылымының қызықты қырларымен танысып, түрлі танымдық іс-шараларға белсенді қатысты. Биология күні – қызыққа толы күн! •Видеороликтер • Викториналар •Биологиялық ойындар • «Жұбын тап» • «Сөз құрастыру» Оқушылар білімдерін ойын арқылы жетілдіріп, биология әлеміне тағы бір қадам жақындай түсті!
Жаратылыстану - математикалық апталығы – Химия күні
02
сәуір
2026
Жаратылыстану - математикалық апталығы – Химия күні
Біздің оқушылар химияны ойын арқылы зерттеді! •«Элементтердің сәйкестігін тап» – элементтерді дұрыс жұптастырып, білімдерін көрсетті. •«Химиялық ұяластарды жина» – командалық ойында элементтерді жинап тапсырмаларды орындады. •QR-код арқылы химиялық затты анықтау – технология мен білімді біріктірді. •Бейорганикалық қосылыстарды тауып, молекулалық массасын есептеу – логика мен есеп дағдыларын дамытты. Ойындар оқушыларға химияны қызықты әрі қызығушылықпен зерттеуге мүмкіндік берді.
«Жалған ақпараттың қауіптілігі және заң алдындағы жауапкершілік»
02
сәуір
2026
«Жалған ақпараттың қауіптілігі және заң алдындағы жауапкершілік»
Тарих пәнінің мұғалімі А. Молдаханова жоғары сынып оқушыларына «Жалған ақпараттың қауіптілігі және заң алдындағы жауапкершілік» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Оқушыларға жалған ақпараттың қоғамға және жеке тұлғаға зияны, оның құқықтық салдары түсіндіріліп, нақты мысалдар арқылы заң алдындағы жауапкершілік жайлы айтылды. Мақсат – оқушыларды ақпаратты дұрыс талдауға, жалған хабарламалардан сақтануға және заңды құрметтеуге үйрету.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 160 жыл
30
наурыз
2026
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 160 жыл
№193 ЖББМ- те Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 160 жыл және Темірбек Қараұлы Жүргеновтің туғанына 88 жыл толуына орай, сынып сағаты өтті. Әлихан Бөкейхановтың саяси қызметі, демократиялық көзқарастары және ұлттық мүддеге адалдығы, сондай-ақ Темірбек Жүргеновтің мәдениет пен өнер саласындағы қызметі туралы айтылды."Кибербуллинг. Интернеттегі қауіпсіздік» тақырыбында оқушылар желіде өзін және өзгелерді қорғау жолдарын үйренді."Таза сана – таза әдет" тақырыбында жастардың денсаулығы мен
"Доп шебері- 2026" ІІІ орын
27
наурыз
2026
"Доп шебері- 2026" ІІІ орын
Жасөспірімдер арасында өткен "Доп шебері- 2026" атты футбол турнирінде жоғары деңгейде көрсетіп, жеңіске деген қажырлы қайраты мен командалық бірлігі ушін ІІІ орын иеленді. Жетекшісі Серікхан Әділ
"Ұлттық әуен – сырлы үн"  1 орын
27
наурыз
2026
"Ұлттық әуен – сырлы үн" 1 орын
Музыка пәнінің мұғалімдері арасында қалалық "Ұлттық әуен – сырлы үн" тақырыбында күй тарту, , жыр, терме айту номинациялары бойынша байқау өтті. №193 ЖББМ- тің музыка пәнінің мұғалімі Ә. Үсенбаеваның ұлттық өнерді насихаттауға қосқан үлесі жоғары бағаланып, терме номинациясы бойынша 1 орынға ие болды.
Наурызнама "Тазару күні"
23
наурыз
2026
Наурызнама "Тазару күні"
Наурызнама онкүндігі аясында мектебімізде “Тазару күні” өткізілді. Іс-шараның мақсаты – тазалықты сақтау мен оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Оқушылар мен ұстаздар мектеп ауласын тазалап, сенбілік жұмыстарын жүргізді.Бұл шара оқушылардың жауапкершілігін арттырып, тазалыққа деген көзқарасын нығайтты.
Тоғызқұмалақ
20
наурыз
2026
Тоғызқұмалақ
№193 ЖББМ-тің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 7 сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Іс-шараның мақсаты – ұлттық ойын арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Қатысушылар тапқырлық пен шеберліктерін көрсетті. Қорытындысында жеңімпаздар анықталып, марапатталды.