«Ұлттық рух – ұрпаққа аманат» атты ұлттық ойындар жарысы
Ұлттық спорт күніне орай, мектебімізде 5,6, 7 сынып оқушылары арасында «Ұлттық рух – ұрпаққа аманат» атты мектепішілік ұлттық ойындар жарысы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның басты мақсаты – оқушыларды ұлттық құндылықтарға баулу, қазақ халқының дәстүрлі ойындарын насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты нығайту. Жарыс барысында оқушылар бестас, арқан тарту, қол күрес , тымақ ұру сияқты ұлттық ойындардан сайысқа түсіп, өздерінің ептілігі мен