Алматы қаласы Білім басқармасының
«№193 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727)-260-34-23
Есепші бөлімі:
+7(727)260-34-23
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Туберкулездің алдын алу"  тақырыбында  диктант
17
наурыз
2026
"Туберкулездің алдын алу" тақырыбында диктант
24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай, 5-10 сыныптарда "Туберкулездің алдын алу" тақырыбында диктант жұмысы өткізілді. Іс-шараның мақсаты-оқушыларға туберкулез ауруының қауіптілігі туралы түсіндіру, оның алдын алу жолдарын насихаттау және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Диктант барысында оқушылар туберкулездің белгілері, жұғу жолдары және сақтану шаралары туралы маңызды мәліметтермен танысты. Мұндай шаралар жас ұрпақтың денсаулыққа деген жауапкершілігін
15 наурыз-  Қайырымдылық күні
16
наурыз
2026
15 наурыз- Қайырымдылық күні
15 наурыз- Қайырымдылық күні мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – қоғамда мейірімділік, жанашырлық және өзара көмек көрсету құндылықтарын насихаттау. Іс-шара барысында қатысушылар қайырымдылықтың маңыздылығы туралы ақпарат алып, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге бағытталған түрлі акциялар мен игі бастамаларға атсалысты. Оқушылардың бір-біріне қамқор болуына , бірлік пен ізгілікті нығайтуға бағытталды.
"Мейірімді қақпақтар" атты  акциясы
16
наурыз
2026
"Мейірімді қақпақтар" атты акциясы
№193 ЖББМ -де бастауыш сынып оқушылары арасында қайырымдылық пен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында "Мейірімді қақпақтар" атты акциясы өткізілді. Акция барысында оқушылар пластик қақпақтарды жинап, табиғатты қорғауға және қайырымдылық жасауға өз үлестерін қосты. Бұл игі шара оқушыларды мейірімділікке, жауапкершілікке және қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелейді.
«Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат» атты танымдық іс-шара
16
наурыз
2026
«Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат» атты танымдық іс-шара
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай мектебімізде «Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат» атты танымдық іс-шара өтті. Іс-шараға Алматы қаласы, Нұркент шағын ауданындағы «Qazaq-Oner» шеберлер орталығы ассоциациясының жетекшілері, көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Ж. Жұмабаева мен А. Райымбекова арнайы қатысып, 9–10 сынып оқушыларына шеберлік сабақтарын өткізді. Қонақтар ұлттық қолөнердің қазақ мәдениетіндегі маңызын түсіндіріп, оқушыларға тәжірибе жүзінде жұмыс жасауға мүмкіндік берді.
"Наурыз- жыл басы» тақырыбында сынып сағаты
16
наурыз
2026
"Наурыз- жыл басы» тақырыбында сынып сағаты
№193 ЖББМ-нің 1-11 сыныптарында "Наурыз- жыл басы» тақырыбында сынып сағаты өтті. Іс-шара барысында оқушыларға Наурыз мерекесінің тарихы мен маңызы түсіндіріліп, ұлттық құндылықтар туралы әңгіме жүргізілді. Сонымен қатар «Буллингтен қорған» тақырыбында түсіндірме жұмысы өткізіліп, оқушыларға буллингтің алдын алу жолдары айтылды. «ДОСBOLIKE» жобасында оқушылар достық пен сыйластықтың маңызы туралы пікір алмасты. Сынып сағатында «Көмек» жобасы аясында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында
«Буккроссинг» акциясы
15
наурыз
2026
«Буккроссинг» акциясы
Сайлау учаскесінде кітап бұрышы ұйымдастырылып, «Буккроссинг» акциясы өтті. Өз таңдауын жасауға келген әр қонақ кітаптарды алып оқуға мүмкіндік алды. Бұл акция оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталды.
“Халық таңдауы – жарқын болашақ” атты концерт
15
наурыз
2026
“Халық таңдауы – жарқын болашақ” атты концерт
15 наурыз – Республикалық референдум күніне орай, сайлау учаскесінде “Халық таңдауы – жарқын болашақ” атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
14 наурыз – Көрісу күні
13
наурыз
2026
14 наурыз – Көрісу күні
14 наурыз - Көрісу күні (Амал мерекесі) қарсаңында №193 жалпы білім беретін мектептің оқушылары ұлттық дәстүрді дәріптеу мақсатында Көрісу мерекесін ұйымдастырды. Оқушылар дәстүрлі амандасу рәсімдерін көрсетіп, бір-бірімен көрісіп, үлкендерге құрмет көрсетіп, ізгі тілектерін білдірді. Қазақ халқының ежелден келе жатқан бұл дәстүрі адамдарды жақындастырып, сыйластық пен татулықты нығайтады. Осындай тағылымы мол іс-шаралар жас ұрпақтың ұлттық мәдениетке деген құрметін арттырып, салт-дәстүрді
«Алматы Дарыны» ғылыми жобалар байқауының жүлдегерлері
12
наурыз
2026
«Алматы Дарыны» ғылыми жобалар байқауының жүлдегерлері
Алматы қаласы, Жетісу ауданы #193жалпы білім беретін мектептің оқушылары «Алматы Дарыны» орталығының" 9–11-сынып оқушылары арасында өткен ғылыми жобалар байқауының және қалалық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңі жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде "марапаттау рәсіміне" қатысты. Марапаттау рәсімінде жылы лебіздер айтылып, олардың ғылымға деген қызығушылығы, білімге деген құштарлықтары мен ізденімпаздықтары жоғары бағаланды. Қатысушыларға алдағы уақытта да білім мен ғылым жолында жаңа
“Ана – өмірдің шуағы”атты мерекелік іс-шара
06
наурыз
2026
“Ана – өмірдің шуағы”атты мерекелік іс-шара
   6 наурыз күні №193 жалпы білім беретін мектептің ұйымдастыруымен Мәдениет үйінде “Ана – өмірдің шуағы”атты мерекелік іс-шара өтті. Шара барысында оқушылар аналарға арнап өлең оқып, ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Мерекелік кеш ұстаз аналарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, олардың еңбегіне деген құрметті арттыра түсті.